?Адам баласы судың не екенін білмейтін балық секілді төбесінен жауып тұрған көп нығметтің қадірін түсіне бермейді. Күнделікті беріліп жатқан нығметтердің қадірін білмегені өз алдына, тіпті санасына келіп-кетіп жатқан жақсы ойлардың да қадірін түсінбей әрі оны дер кезінде пайдалана алмай жатады.
?Бала тәрбиесінде немесе жалпы адамды тану мен оның болашағына қатысты жоспар құрған кезде ең жиі ұшырасатын қателік – адамның өзгелерді өз дәрежесі, өз түсінік-пайымы шеңберінде ғана тануы. Адамның ішкі дүниесі мен сезімдерін айтпағанда, оны сыртқы бет-пішіні мен мінез-құлқы тұрғысынан толық таныдым деп айту өте қиын.
✳️ Негізі жамандық пен жақсылықтың айырмасы айқын. Солай бола тұра неге адамдар ол екеуін ажырата алмай жатады? ⠀ ✳️ Негізі адамдар жамандық пен жақсылықты ажырата алмайды емес, дәлірек айтқанда, жамандықты өзі жасағандықтан жақсыға, ал жақсылықты басқа біреу жасағандықтан жамандыққа балайды.
?Әдетте зекет дегенде ойымызға бірден мал-мүліктен берілетін екі жарым пайыздық мөлшер келіп жатады. Бірақ адам баласына берілген нығмет тек мал-дәулет емес қой. Одан да қадірлі нығметтер толып жатыр. ⠀ ?Адам баласына берілген нығметтердің ең басында ақыл тұрады. Демек ақылдың зекетін беруіміз керек. Әрине бұл өзгелерге ақиқатты жеткізу мен көрсету арқылы жүзеге асады.
?Құрбан – Аллаға жақындау мақсатында жасалатын құлшылықтардың ең айрықшасы. Өйткені ол тек сөзбен ғана айтылып қоймай іспен көрсетілетін амал. Әрі шалған құрбанына қарай да пенде өзінің қаншалықты Жаратушыға жақын екенін байқатады.
?«Тәуәссул» араб тілінде біреуді немесе бір нәрсені себепкер ету деген мағынаны білдіретін сөз. Мысалы: екінші қабатқа шығу үшін сатыны, жұмысқа кіру үшін бір танысын себепкер ету секілді. Бірақ біз бұл ұғымның тікелей мағынасын емес, жанама мағынасы жайлы сөз етпекпіз.
?Қарап отырсақ табиғат пен адам арасында көптеген ұқсастықтар бар. Көктемде жерге егілген тұқым жазға қарай бүр жарып шығады. Адам баласы да ана құрсағында бір тамшыдан түзіліп, бірте-бірте жетіледі. ⠀ ? Өсімдіктің жаз бойы топырақтан, күннен және судан нәр алып, күзде жеміс бере бастайтыны секілді адам да балалық шақта алған тәрбиесі мен өскен ортасынан сіңірген құндылықтары арқылы есейгенде айналасына шуақ шаша бастайды.
? Адамның өмір салты оның ниеті мен пікір-пайымынан алыс кетпейді. «Алма алма ағашынан алысқа түспейді» деген шығыс даналығы соны меңзесе керек. Ниеті мен пікірі қаншалықты биік әрі таза болса, адамның дәрежесі де соған сай биік болады.
?Өткен жолғы жазбамызда біз тәуәссулдің жоқ болу жағын қарастырған болатынбыз. Енді мұның бізге көріне бермейтін, жасырын жағын ашуға тырысып көрейік. ⠀ ?Ең әуелі адам баласы Құран Кәрімнің адамзаттың құтылуына себепкер болу жағын жоққа шығара ала ма? Құран болмаса адам баласы ақиқатқа қалай қол жеткізер еді?